Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, бір адам көз жұмды

Шаңғымен сырғанаған үш адам көшкін жүруіне себеп болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматыдағы Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, үш адамды басып қалды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
112 пультіне "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының диспетчері хабарласқан.
"Курорттан 1 км қашықтықта орналасқан Комсомол шыңы ауданында көшкін жүргенін айтты. Шаңғымен сырғанағандар көшкін жүруіне себеп болды. Салдарынан үшеуі де көшкін астында қалды", - дейді ведомство.
Екі жәбірленуші өз бетінше шығып, ал үшіншісі - әйел адам қардың астында жан тапсырған.
Кейінірек Шымбұлақта қайтыс болған Ресей азаматы Олеся Головина екені белгілі болды. Ол 17 жылдан бері тау шаңғысынан сабақ берген. Олеся өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында спортқа деген құлшыныс әкесінен дарығанын айтқан. Ол ЦСКА Қазақстан командасында 10 жыл кәсіби спортшы болған. Ресейге көшіп, шаңғы нұсқаушысы болып жұмыс істеген.
Шымбұлақта шетелдіктер жанжал шығарды: курорт қызметкері оқиғаның мән-жайын айтты