Қазақстанда USAID қызметі тексеріледі

USAID-тің басқа ұйымдармен байланысы тексеріледі
Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда USAID қызметіне талдау жүргізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин депутаттық сауалға жауабында айтты.
"Атап айтқанда, USAID елдік стратегияларын және USAID-тың басқа ұйымдармен, соның ішінде үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасын олардың USAID мақсаттарына ықтимал әсерін бағалау үшін зерттелетін болады", - деп атап өткен Жұманғарин.
Бұдан басқа, оның пікірінше, ықтимал жасыру схемаларын, қаражатты пайдаланудағы сәйкессіздіктерді және мүдделер қақтығысын анықтау үшін қаржылық ағындарды талдау қажет.
USAID қазақстандық KazAID ұйымына 12 миллион доллар аударды