Маңғыстау облысында мұнай-газ компаниясы миллиардтаған залалды өтеді

Компания залалды осы айда толық өтеген
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысында "Buzachi Operating Ltd" мұнай-газ компаниясы миллиардтаған шығынды өтеді, деп хабарлайды облыстық прокуратурадағылар.
Маңғыстау облысының прокуратурасы "Buzachi Operating Ltd" (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясына кешенді тексеру жүргізген. Нәтижесінде компания филиалында заң өрескел бұзылғаны анықталды.

"Компания 6 жыл бойы мұнай мен газдың жоғалуымен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жаққан", - дейді ведомстводағылар.

Сот шешімімен компанияны жалпы сомасы 8,4 млрд теңгеге залалды өтеуге міндеттеді. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді. Сондықтан компания залалды осы айда толық өтеген.
Тоқаев газ және мұнай жөніндегі жаңа кеңесші тағайындады