Ақтөбеде заңсыз ет цехы анықталды

Архивтегі фото
Ол жерде етті рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз мүшелеген
Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз– Sputnik. Ақтөбе қаласында заңсыз ет өңдеу цехы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, заңсыз цех ет өнімдерін өңдеумен ғана емес, сатумен де айналысқан.
"Ол жерде етті рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып мүшелеп, сатқан", - дейді полицейлер.
Цехта ет пакеттері, тартылған ет, тұтас ұша және ірі қара мал бастары, ет қалдықтары, етті кесуге және ұсақтауға арналған жабдықтар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Ал Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің шаруашылығында қос ұңғылы аңшылық мылтық, ет кесуге арналған түрлі пышақтар, арқан, таразы, жануардың іш бөліктері тәркіленді.
Айта кетері, облыста жыл басынан бері 5 мал ұрлығы тіркелді. Осы уақытқа дейін үш қылмыстық іс ашылды.
Архивное фото мяса на прилавке
Астана базарында жалған ветеринарлық мөр басылған ет сатылған