АСТАНА, 14 наурыз– Sputnik. Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына бес қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
"Әлем чемпионатының финалында бес қазақстандық боксшы сынға түседі. Жартылай финалда Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары )жеңіске жетті", - деп хабарлады комитет.
Финалдық жекпе-жектер 16 наурызда өтеді.