Көлігін темір жолда қалдырып кеткен жүргізушіге іс қозғалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Темір жолда джипп көлігін қалдырып кеткен жүргізушіге әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады ішкі Істер министрлігі көліктегі полиция департаменті.
Полицияның айтуынша, жүргізуші Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны.
"Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1-бөлігі "Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - дейді ведомство.
Жүргізуші 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы – Павлодар бағытындағы жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Өйткені темір жолдың үстінде джипп көлігі өте алмай тұрып қалған. Кейіннен жүргізушінің қашып кеткені белгілі болды. Ал пойыз 16 минут тоқтап тұрған.
Джип көлігі жолаушылар пойызының алдында тұрып қалды