Джип көлігі жолаушылар пойызының алдында тұрып қалды

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. "Алматы - Павлодар" жолаушылар пойызының жолын джип жауып тастады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Оқиға 12 наурызда сағат 15:46-да "Медеу – Жетісу" аралығында болған.
"Алматы-2 – Павлодар" бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі темір жолға белгіленбеген жерден шығып, рельстер арасында қысылып қалған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Өтіп бара жатқан теміржолшылар жедел түрде жол талғамайтын көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарған, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиға салдарынан пойыз 16 минутқа кідірген. Қазіргі уақытта полицияның желілік басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
Биыл теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзып, салдарынан 4 жол апаты болды.
Ал былтыр 26 жол апаты болған.
Үндістаннан Қазақстанға қатынайтын алғашқы контейнерлік пойыз іске қосылды