55 адам тартылды: Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр

Аягөз өзіне
Шалқар ауданында жедел штабтың үйлестіруімен тәулік бойына жұмыстар ұйымдастырылған
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар белсенді жалғасып жатыр, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңірдегі Темір ауданында көктемгі су тасқынының алдын-алу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері аудан аумағынан жалпы көлемі 30 мың текше метрге жуық қар шығарылып, барлық суағарлар тазартылуда. Жұмыстарға 32 техника, 172 адам жұмылдырылған.
Сонымен қатар, еріген қар суын бұру, қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру, жөндеу және жаңадан салу жұмыстары да іске асырылып жатыр.
"Темір ауданы бойынша 2024 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде инженерлік жұмыстар жоспарына 12 іс-шара енгізілді. Жоспарға сәйкес, инженерлік жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар, 7 қорғаныс бөгеті мен еріген қар суын бұру құрылысы жүргізілді. Аталған шараларға бөлінген қаражат - 2,6 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Шалқар ауданында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр.
Мұнда аудандық жедел штабтың үйлестіруімен тәулік бойына жұмыстар ұйымдастырылған.
"Тасқынның алдын алу шараларына 14 мотопомпа, 10 мың қап, 7 тонна инертті материал, 27 техника дайындалды, сондай-ақ 76 адам тартылды. Бүгінгі күні Шалқар қаласы бойынша 11 техника мен 55 маман жұмылдырылып, 3100 текше метр су айдалып, 6800 текше метр қар шығарылды", - дейді әкімдіктегілер.
Ведомство өкілдері тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде, қажет болған жағдайда қосымша күштер тартылатынын хабарладымақ.
576 шақырым қорғаныс бөгендері тұрғызылды
Су тасқынына дайындық: 576 шақырым қорғаныс бөгендері тұрғызылды