Жетісу облысында жолды су шайып кетті

Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды
Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында қираған жол учаскесі жедел түрде қалпына келтірілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Ақсу ауданында "Жансүгіров-Матай" автожолының 34-ші шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады", - деп жазылған хабарламада.
Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақты толтырып, нығыздады.
Қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Қазір су транзитпен өтіп жатыр.
Олжас Бектенов Сергеев су торабына барды