"Бескөл – Достық" теміржол бағыты ашылады

Жалпы ұзындығы 166 шақырым болатын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. "Достық - Бескөл" бағыты бойынша қозғалыс ашылады. Бұл туралы көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.
Қазақстанда наурыз айының соңына дейін "Достық - Бескөл" станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады.
"Бұл бағыт - "Достық - Мойынты" жобасының бір бөлігі. Бұған дейін 127 шақырымдық "Балқаш - Мойынты" учаскесінде қозғалыс іске қосылды", - деп жазды ведомстводағылар.
Жалпы ұзындығы 166 шақырым болатын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Ал ұзындығы 836 шақырым болатын "Достық - Мойынты" теміржол жобасы жылдың ортасында толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қарағанды - Балқаш тас жолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі