АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот (ХҚК) Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутертені адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға ордер берді, деп хабарлады РИА Новости соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) алдын іс жүргізу алқасы Родриго Дутертені 2011 жылдың 1 қарашасы мен 2019 жылдың 16 наурызы аралығында Филиппинде адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыппен тұтқындауға ордер берді", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Филиппин президенті кеңсесінің баспасөз қызметі сейсенбі күні таңертең Гонконгтан Манилаға келгеннен кейін елдің бұрынғы басшысы Родриго Дутертенің Халықаралық қылмыстық сот ордері бойынша ұсталғанын хабарлаған. Филиппин ұлттық полициясының қызметкерлері оны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін қамауға алды.