АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы итбалықтардың мониторингі жалғасуда, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Мониторингті Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен және "Микробиология және вирусология" ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Каспий теңізінің жағалау жиегіне мониторинг жүргізді.
"Қазіргі уақытта ауа-райы жақсарды және итбалықтардың көпшілігі табиғи ортаға өздігінен оралды. Іздеу жұмыстары барысында мамандар 30-ға жуық жас итбалықтарды тауып, жинап, суға жіберді", - деп жазылған хабарламада.
Мониторингті жалғастыру үшін 2025 жылдың 12 наурызында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өңірге ұшақпен шолу жоспарланған. Негізгі мақсат-теңізден едәуір қашықтыққа кеткен итбалықтарды анықтау.