Алматыда заңсыз 63 дүңгіршек сүрілді

4 ақпаннан бері Алматыда 300-ден астам заңсыз сауда нысаны сүрілген
Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Алматыда заңсыз сауда нысандары сүріліп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматыда заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр
Әуезов ауданында мемлекет меншігіндегі жерлерде орналасқан 63 заңсыз сауда нысаны мен 28 күш өлшеуіш сүрілді.
"Олардың ішінде Жұбанов және Момышұлы көшелерінде самса, пицца және чебурек сататын 4 дүңгіршек бар", - дейді ведомство.
4 ақпаннан бері Алматыда 300-ден астам заңсыз сауда нысаны және 200 ден астам күш өлшеуіш сүрілді. Бұл жұмыс 15 наурызға дейін жалғасады.
Алматыда заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр