АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Венгрия үкіметі әлі күнге дейін Украинаның Еуропалық одаққа қосылуы барлық ел үшін қауіпті деп санайды, бірақ сауалнамада айқындалған өз азаматтарының ұстанымын қолдайды, деп мәлімдеді Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто.
Бұған дейін Украинадағы жағдайға қатысты кезектен тыс саммиттің қорытынды құжатын Венгрия ғана қолдамаған болатын.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан елде Украинаның Еуропалық одаққа кіруіне қатысты қоғамдық сауалнама жүргізілетінін мәлімдеді, өйткені ол бұл мәселе алдымен шешіліп, содан кейін одақтан Украинаға қаржылық қолдау көрсету туралы шешім қабылдануы керек деп санайды.
"Украинаның Еуроодаққа қосылуын жеделдету ниеті бүкіл одақ үшін де, Венгрия үшін де өте қауіпті. Сондықтан біз венгр халқының бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдіруін орынды деп санаймыз... Ал венгр халқының пікірі қандай болса да, Венгрия үкіметі бұл ұстанымды қолдайды", - деді Сийярто баспасөз конференциясында.