Түркістанда облысында экстремистік топ ұсталды

Тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді
Sputnik
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды. Олар діни алауыздықты қоздыруға тырысқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы жасағы мен ұлттық қауіпсіздік комитеті Мақтаарал ауданында радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.
"Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап, сот шешімімен тыйым салынған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратып отырған. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.
Алюминий зауытынан металл ұрлағандар ұсталды