АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстандық боксшылар Черногорияның Будва қаласында өткен "Адриатика інжу-маржаны" халықаралық турнирінде 17 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 11 қола иеленген.
"Алтынды" Нығман Нығмет (57 кг) пен Жасұлан Бердәлі (75 кг) қанжығасына байлады.
Алдияр Баһадүр (54 кг), Игорь Соловьев (75 кг), Санжар Сейітхамит (92 кг) және Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг) әлем кубогының күміс жүлдегерлері болды.
Қола медаль иегерлері – Нұрхан Құмарбеков (48 кг), Бексұлтан Қожамжар (48 кг), Айдос Үсенов (51 кг), Әли Мұрат (54 кг), Бауыржан Мұратов (57 кг), Ердәулет Саит (60 кг), Әлихан Әскер (63,5 кг), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг), Сұлтан Тұрдалы (67 кг), Бекарыс Нұрмұхан (71 кг) және Бейбарыс Әшірбай (71 кг).