Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

Тас жолдағы көліктер
Бұған дейін тағы бірнеше облыста жолдар жабылған болатын
Sputnik
АСТАНА, 10 наурыз– Sputnik. "ҚазАвтоЖол" компаниясы ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жолдардың жабылғанын хабарлады.
Ақмола облысында:
- "Астана-Петропавловск" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскеcі (Астана қаласы - Щучинск қаласы);
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 1128-1232 шақырым аралығындағы учаске (Астраханка ауылы - Қажымұқан ауылы);
- "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлемақы алу пункті-Ақмола облысының шекарасы);
- "Жақсы - Есіл - Бұзылық" автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы а. - Бұзылық а.);
- " Көкшетау - Атбасар"- автожолының 120-184 шақырым аралығы (Атбасар қаласы-Максимовка ауылы);
Қарағанды облысында:
- "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы-Теміртау төлемақы алу пункті);
Бұған дейін тағы бірнеше облыста жолдар жабылған болатын.
Абай облысында:
- "Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 75-187 шақырым аралығы (Үржар ауылынан ҚХР шекарасына дейін);
Алматы облысында:
- "Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығындағы учаскеcі (Тұздыбастау ауылы - Бесқайнар ауылы);
Қостанай облысында:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін);
- Қостанай - Әулиекөл -Сұрған- автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы-Ақмола облысының шекарасы);
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейін)
Солтүстік Қазақстан облысында:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 595-671 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Тоқсан Би ауылы);
Ұлытау облысында:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
Жолда қалған 100 адам құтқарылды