АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 84 ұшып кету рейсінің алтауы және 86 ұшып келу рейсінің сегізі кешіктіріліп жатыр, деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта жоспарланған 84 ұшып кету рейсінің алтауы кешіктіріліп жатыр. Оған себеп – ауа райының қолайсыздығынан ұшақтың кешігіп келуі. Ұшып келетін 86 рейстің сегізі кешіктірілуде", - делінген хабарламада.
Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Перрон мен ұшу-қону жолағын тазалауға 23 мамандандырылған техника жұмылдырылды.