Air Astana Алматыдан ұшатын рейстердің кешіккенін хабарлады

Кешігуге ауа райының қолайсыздығы себеп болды
Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Air Astana ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыдан ұшатын рейстердің кешігуі туралы ескертті.

"Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуе компаниясының сайтынан тексеріп алыңыздар", - деп жазылған хабарламада.

Компаниядағылар мына сенім телефонына хабарласуға болатынын да ескертті:
+7 7272 44 44 78;
WhatsApp: +7 702 702 00 74.
Бүгін елдің басым аймағында ауа райы бұзылып, тас жолдар да жабылып жатыр.
Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді