Түркістан облысында құтқарушылар жолда қалған 120 адамды эвакуациялады

2 автобус жолда қалып қойды
Sputnik
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрілігінің құтқарушылары 120 адамды эвакуациялады
Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ ауылының маңында жолдың жабық учаскесінде көліктердің кептелісі пайда болып, 2 автобус жолда қалып қойды.
ТЖМ құтқарушылары ішінде 19 бала бар 120 жолаушыны жақын жылыту пунктіне эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Азаматтар құтқарушыларға жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.
Ақтөбе облысында жолда қалған 40-қа жуық адам құтқарылды