АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық аналар мен аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған", - деп атап өтті президент.
ОлҚазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүргенін атап өтті.
"Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады. Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін", - делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Президент барлық әйелдің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық екенін атап өтті.