Жеңістің 80 жылдығы

Әскерилер 104 жастағы ардагерді мерекесімен құттықтады

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Қонаевта әскерилер 104 жылдығын атап өткен Ұлы Отан соғысының ардагері Оксана Бетебаеваны құттықтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскерилер ғасыр жасаған ардагерге қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізді.
Ардагер соғыс кезінде мейірбике болған. Оның марапаттарының қатарында ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені мен Жуков медалі бар.
Ауруханада ол майданда алған жарақатынан емделіп жатқан болашақ күйеуі Бекежан Бетебаевпен кездескен. Жеңістен кейін олар Қазақстанға келген.
Оксана Битебаева – Ұлы Отан соғысының Қонаевтағы жалғыз ардагері.