Тоқаев әуежайда кепілге алынған әйелді құтқарған алматылықты марапаттады

Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды
Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін президент қылмыскердің ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өткені туралы хабарланған болатын.
Айта кетері 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Тоқаев қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты марапатқа ұсынуды тапсырды