АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Атырау облысындағы кен орнында "Батыс Прорва" мұнай ұңғымасы өртенді.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, "Ембімұнайгаз" компаниясы өртке қатысты түсініктеме берді.
"2025 жылдың 6 наурызында "Ембімұнайгаз" АҚ "Жылыоймұнайгаз" мұнай және газ өндіру басқармасы "Батыс Прорва" кен орнының №437 ұңғымасында тесу жұмыстарынан кейін сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ шығып, құбырды сыртқа шығарып жіберді", - деп хабарлады компания.
Зардап шеккендер жоқ. Жедел топ шұғыл шаралар қабылдады: ұңғыманың айналасы қоршалып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Батыс Прорва – Атырау облысындағы мұнай-газ кен орны, 1960 жылдардан бастап игерілген Прорва кен орындары тобына кіреді.
"Ембімұнайгаз" – "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес кәсіпорны.