АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Ақтауда 10 мың тұтынушы үшін жылу төлемдері қайта есептелді, дейді хабарламада Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Өңірде жылыту маусымы басталғалы тұрғындардан жылу жеткілікті берілмей жатқаны туралы шағымдар түсе бастаған. Жылу дұрыс берілмесе де, оларға ай сайын жылу төлемдері келіп тұрған. Артық есептеулер тұрғындарының наразылығын тудырды.
"Ақтау қалалық прокуратурасы жылу төлемдері көрсетілетін қызметтердің сапасын ескермей жасалғанын анықтады. Шот-фактурадағы есептеулер негізсіз болып шықты", - дейді облыстық прокуратура.
Қадағалау актісіне сәйкес, 10 мың тұтынушыға 22 миллион теңгеден асатын сома қайта есептелді.