АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Әлия" спектаклі көрсетілді.
Бүгін Ұлттық ұлан мен Горький атындағы драма театрының бірлескен жобасының премьерасы өтті.
Театр әртістерімен бірге гвардияшылар да сахна төріне шығып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірбаянын, ерлігін айтып берді.
Гвардияшылар орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер спектакльдің жалпы құрылымына үйлесіп, көрермендер керемет эмоция мен сезім сыйлады.