Ресей мен Мьянма Халықаралық қылмыстық сот рөліне қарсы тұруға күш біріктіреді

Тараптар халықаралық сот төрелігі халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз ету үшін бейтараптық, әділдік және тең алшақтық қағидаттарына негізделуі керек екеніне сенімді
Sputnik
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Ресей мен Мьянма Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) деструктивті рөліне қарсы тұру үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл туралы Кремль сайтында Ресей президенті Владимир Путин мен Мьянманың мемлекеттік әкімшілік кеңесінің төрағасы, премьер-министр Мин Аун Хлайнг арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша тиісті мәлімдеме жарияланды.
Тараптар бірқатар Батыс елінің Халықаралық сотқа саяси қысым көрсету әрекеттеріне, олардың көпполярлы әлем елдеріне қарсы айыптауды ойлап табу және өз одақтастарын қорғау мақсатында сот тетіктерін теріс пайдалану арқылы халықаралық сот жүйесін саясиландыруға ұмтылуларына үлкен алаңдаушылық білдірді.

"Ресей мен Мьянма халықаралық қылмыстық сот деп аталатын соттың деструктивті рөліне қарсы тұру үшін бірлесіп жұмыс істеуге бел байлауда. Себебі, тараптар халықаралық сот төрелігі халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз ету үшін бейтараптық, әділдік және тең алшақтық қағидаттарына негізделуі керек екеніне сенімді", - делінген құжатта.

Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу туралы бұйрыққа қол қойды