Қазақстан мұнай өнімдерін ЕАЭО аумағынан шығаруға тыйым салды

Sputnik
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұнай өнімдерін ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығаруға тыйым салды.
Энергетика, ішкі істер министрлігі, қаржы министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті жарияланған бірлескен бұйрықта тыйым салу мерзімі – 2025 жылдың 15 наурызы мен 30 маусымы аралығында көрсетілген.
Шектеу мұнай өнімдерінің мына түрлеріне қолданылады:
жеңіл дистилляттар;
авиациялық керосин:
дизель отыны;
газойл;
толуол;
ксилол;
мұнай битумы.
Сонымен бірге, 2025 жылдың ақпанында энергетика министрлігі мұнай өнімдерін ел аумағынан тыс шығаруға, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше елдерге экспорттауға алты айға тыйым салды. 20 наурызға дейін құжат "Ашық НҚА" порталында талқылауда болады.
ЕАЭО елдерінде іскерлік белсенділік артты