АСТАНА, 5 наурыз– Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Облыс әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі салаларға тартылған инвестиция мен өндіріс көлемінің өскенін атап өтті. Жалпы көлемі 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 46 жаңа өндіріс орны іске қосылған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа әлеуметтік нысандар салу жайында ақпарат берілді. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, туризм, цифрландыру салаларын, көлік-логистика секторы мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға