Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинаға 20 млрд еуроға жаңа әскери көмек пакетін әзірлеуді тоқтатты

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатқанын хабарлаған болатын
Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Еуропалық одақ Украинаға 20 миллиард еуро көлеміндегі жаңа әскери көмек пакетін әзірлеуді тоқтатты.
"Еуроодақ елдері өкілдерінің қарауына ұсынылған мәтіннен Киевке жаңа әскери көмек жеткізу туралы тармақ жоғалып кетті", - деп жазады еуропалық БАҚ.
Оған құжаттың бұрынғы нұсқасына Венгрияның қойған ветосы себеп болған.
Ал америкалық шенеуніктер АҚШ-тың әскери көмегінің тоқтатылуының әсерін Украина қарулы күштері алдағы күндері сезінетінін айтты.
"АҚШ-тың әскери көмекті тоқтатуының салдары украиналық әскерилерге сезілу үшін біраз уақыт, мүмкін күндер немесе апталар қажет", - деп жазады басылым.
Бұған дейін Ақ үй өкілі АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатата тұру туралы шешімі жайлы ақпаратты растап, Вашингтон серіктестерін бейбітшілікке қол жеткізуге ұмтылуға шақырған.
Трамп өткен аптада Ақ үйде Украинаның минералды ресурстарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қоюға барған Владимир Зеленскийге ұрсып тастады. АҚШ президенті Зеленскийден атысты тоқтатуға келісіп, Ресей президенті Владимир Путинді сынауды тоқтатуды талап етті.
2 наурызда АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Зеленский есін жиып, келіссөз үстеліне оралуы керек, әйтпесе Украинаны басқа біреу басқаруы керек екенін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға барлық әскери көмекті уақытша тоқтатты