Танымал тұлғалар жүргізушілерге үндеу жасады

Былтыр 3 мың 993 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды
Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Көпшілікке танымал тұлғалар жүргізушілерді мас кезде көлік жүргізбеуге шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматының жолдарында 2 мың 508 жүргізуші мас болып көлік жүргізгені үшін ұсталған.
Сот шешімімен 3 мың 993 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды, ал 2 мың 365 жүргізушіге әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
Алматы полициясы бұл мәселені шешу үшін дабыл қағып, жұртшылықты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде тартты. Спортшылар, әншілер, әртістер және танымал тұлғалар өздерінің бейнежолдауында жүргізушілерді мас кезде рөлге отырмауға шақырды.
Көлікті мас күйде жүргізгені үшін жаза өзгертіле ме – министрлік өз ұстанымын жариялады