Фото

Солтүстік шұғыла және ақ-қара дельфиндер: су түбінде түсірілген таңғаларлық суреттер

Underwater Photographer ofthe Year су астында түсірілген суреттер байқауының ұйымдастырушылары 2025 жылдың үздік туындыларын жариялады
Sputnik
Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 6 750-ден астам өтінім жіберілді. Байқау жеңімпазы болып испаниялық Альваро Эрреро танылды. Фотограф объективіне өркешті кит пен оның баласы түскен.
Байқау ұйымдастырушылары атап өткендей, бұл туынды ананың сәбиге деген махаббатын паш етіп, мұхиттағы тіршілікті көрсетеді.
Сондай-ақ жеңімпаздардың суреттерінен су астындағы солтүстік шұғыласын, сүйкімді итбалық пен акулаларды, суға батқан техника мен басқа да көптеген ерекше және керемет туындыларды көре аласыз.
1 / 13

Франция Полинезиясында түсірілген өркешті кит пен баласының әсерлі суреті үшін Гран-при мен "Кең бұрыш" номинациясында бірінші орынды Альваро Эрреро жеңіп алды.

2 / 13

Жапониялық фотограф Shunsuke Nakano түсiрген Face Off фотосы Behaviour номинациясында теңдесіз деп танылды.

3 / 13

Британдық фотосуретші Dan Bolt Rusty Haven суретімен British Waters Living Together номинациясында жеңімпаз атанды.

4 / 13

The Hitch Hiker суретімен Dan Bolt тағы да бір номинация бойынша жеңіске жетті.

5 / 13

Швед фотографы Alex Dawson Deep wreck суретімен Wrecks номинациясында үздіктер қатарынан табылды.

6 / 13

Portrait номинациясының жеңімпазы - кувейттік фотограф Abdulaziz Al Saleh.

7 / 13

Coral Reefs номинациясын британдық фотограф Catherine Holmes жеңіп алды. Оның туындысы - Kaleidoscope of Colour.

8 / 13

The Beauty of the Swamp суреті Compact номинациясында жеңіске жетті. Фотограф - америкалық Bryant Turffs.

9 / 13

"1 / 200.000.000" атты туынды 'Save Our Seas' Marine Conservation номинациясы бойынша теңдесіз деп танылды. Авторы - неміс фотографы Robert Marc Lehmann.

10 / 13

Британдық фотосуретші David Alpert The Curious Seal суретімен 2025 жылдың су асты фотографы деп танылды.

11 / 13

Magic backlit суретінің авторы - италиялық фотограф Paolo Bondaschi. Туынды үздіктер қатарына кірді.

12 / 13

Black & White номинациясында жеңімпаз атанған испаниялық фотограф Enric Gener Chasing Dolphins туындысымен ерекшеленді.

13 / 13

Aurora Underwater туындысын оңтүстік кореялық фотограф Ruruka түсірген, ол Up & Coming Underwater Photographer of the Year 2025 номинациясын жеңіп алды.