Париждегі Әлем кубогы: Қазақстан тағы бір медаль алды

Бұл Қазақстан қоржынына түскен 3-ші жүлде
Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Франция астанасы Париждегі көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем кубогында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады спорт комитеті.
Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен 3-ші жүлде. Бұған дейін Виктор Друзин мен Эдуард Ким жекелей сында тұғыр сатысына көтерілді.
Париждегі жарыста ел намысын барлығы 24 спортшы қорғады.
Азиада-2025: қазақстандық хоккейшілер күміс жүлдені жеңіп алды