ЕАЭО-да бөлшек сауда орта есеппен 7,6 процентке өсті

Бөлшек сауда өсімі бойынша Қырғызстан көш бастап тұр
Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта 2024 жылы бөлшек сауда орта есеппен 7,6 процентке өсті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның аналитикалық шолуында айтылған.
Бөлшек сауда өсімі бойынша Қырғызстан көш бастап тұр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде бөлшек сауда айналымы 14,6%-ға артқан.
Беларусьте бұл көрсеткіш 11,8%-ға, Қазақстанда 9,8%-ға, Ресейде 7,2%-ға, Арменияда 4,1%-ға өсті.
Иран ЕАЭО-мен еркін сауда аймағы туралы келісімді ратификациялады