Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

69 жастағы Арғын Нығматулинге іздестіру ісі 3 наурызда Астанада тіркелді
Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз– Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арғын Нығматулинге іздеу жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы болуы мүмкін.
Бұл ақпарат прокуратураның құқықтық статиститка және арнайы есепке алу комитетінің сайтында жарияланды. Оған сәйкес, 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздестіру ісі бүгін, 3 наурызда Астанада тіркелді. Оған прокуратура бастамашы болып отыр. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздестіретін орган ретінде көрсетілген.
Саясат
Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылды