Жеңістің 80 жылдығы

Петропавлда соғыс ардагері 103 жасқа толды

Sputnik
АСТАНА, 2 наурыз– Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының соғыс ардагері Валентина Волкодав 103 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Солтүстік Қазақстан облысында соғыс ардагері Валентина Волкодав 103 жасқа толды
Ардагерді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы құттықтап шықты.
"Ардагерімізге денсаулық, ұзақ өмір және отбасылық бақыт тілеп, балалар мен немерелердің қызығын көре беруге тілектестік білдірдім", - деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Солтүстік Қазақстан облысында соғыс ардагері Валентина Волкодав 103 жасқа толды
Валентина Архиповна Архиповна 19 жасында майданға аттанып, Беларусь және Украина майдандарында көпірлер салатын арнайы отрядта қызмет етті. Ол Волга өзенінен Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті, II дәрежелі ҰОС ордені және басқа да медалдармен марапатталған.
Соғыстан кейін Валентина Архиповна еліміздің дамуына қызмет етті. Целиноградтағы керамикалық зауытта бухгалтер болып жұмыс істеді, ал соңғы 30 жылдан астам уақытта Петропавлда тұрып келеді.
Айта кетері, күні кеше Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Алғыс күні аясында 99 жасқа келген ардагерлерге құрмет көрсетті.