АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Ақтөбе облысында 33 Өзбекстан азаматы мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Жол апаты "Самара-Шымкент" тас жолының жабық учаскесінде болған. "Уфа - Самарқан" жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан.
ТЖМ қызметкерлері жолаушыларды басқа автобусқа дейін эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.