Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу мерзімі белгіленді

Қазақстан азаматтығына үміткерлердің тестілеуге өтініштерін қабылдау наурыз айында он күн бойы жүргізіледі
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер 2025 жылдың 3 наурызы мен 13 наурызы аралығында тестілеуден өте алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы тіркелуге болады.
Тестілеу 2025 жылдың 15 наурызына белгіленген.
Ол үш кезеңнен тұрады:
қазақ тілі – 60 сұрақ (шекті балл – 36 балл);
Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері – 15 сұрақ (шекті балл – 9 балл);
Қазақстан тарихы – 25 сұрақ (шекті балл – 15 балл).
Ең жоғарғы ықтимал нәтиже – 100 балл, тестілеуден өту шегі – 60 балл. Тестілеу ұзақтығы – 2 сағат 10 минут, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін – 2 сағат 40 минут.
Білім
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды