АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мәжілісте қосылған құн салығына қатысты жаңа ұсыныстар жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәжілісте қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістерді таныстырды. Бірақ депутаттар оны аяғына дейін тыңдамады. "Дәріс оқудың қажеті жоқ" екенін екертті. Сол кезде вице-министр негізгі мәселелерге тоқталып, өз баяндамасын қысқа қайырды.
Мәжілісте таныстырылған материалдарға сәйкес, қосылған құн салығының үш деңгейі болады. Олар:
16 % - ел бойынша бекітілген жалпы мөлшерлеме;
10 % - денсаулық саласы үшін (сондай-ақ, оны креативті индустрия, IT, туризм, азық түлік үшін енгізу ұсынылып отыр);
0% - ауыл шаруашылығы саласы үшін (БАҚ үшін де енгізу ұсынылып отыр).