Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша тұрғындары Трамптың Украинаға қатысты іс-әрекетіне алаңдап отыр – сауалнама

Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Польша тұрғындары АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы IBRiS жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды.
Респонденттерге: "Трамптың әрекеті, соның ішінде Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қатысты әрекеті поляктардың қауіпсіздігін күшейте ме?" деген сұрақ қойылды. Респонденттердің 36,5%-ы иә деп жауап берсе, 56,9%-ы күмән келтірген.
Польшадағы қазіргі биліктің жақтастары, шағын қалалардың тұрғындары және жоғары білімі бар адамдар көп алаңдаушылық білдірген. Бұл ретте оппозиция жақтастары Трампты қолдайды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ конгресі Киевке жаңадан көмек көрсету идеясын қолдамайтынын мәлімдеді