Мемлекеттік басқару академиясының жаңа ректоры тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл ректор басшысы қызметінен босатылды
Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды.
Мәжіліс депутаты Руслан Берденов әкімдікке қызметке тағайындалды