АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысында құтқарушылар 200 адамға көмек көрсетті, деп хабарлады ТЖМ.
"Бүгін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа райының нашарлауына байланысты қар құрсауында бірнеше автокөлік тұрып қалды", - деп жазды ведомство.
Құтқарушылары 198 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.