ЕАЭО елдерінде іскерлік белсенділік артты

Қазақстан мен Ресейдің экономикасы өсіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. ЕАЭО елдерінде іскерлік белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр.
Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының экономикасы іскерлік белсенділіктің жоғарылау кезеңінде тұр.
Бірақ Армения мен Беларусь баяулау кезеңін бастан өткеріп жатыр.
Наурызда ЕЭК дерегі бойынша Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанда қазіргі үрдіс жалғасады. Ресей экономикасы іскерлік белсенділіктің шарықтау шегінен өтеді, содан кейін ол біртіндеп баяулай бастайды, Армения үшін одан әрі баяулау жалғасады деп болжануда.