АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Тоқаев үкіметке экономиканың өсімі мен әртараптандыруын белсендіруді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
Үкімет басшысы президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.
Премьер-министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.
"Президент премьер-министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызы айтылды.