ҰҚК Қызылорда облысында заңсыз көші-қонды тоқтатты

Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен бір топ адамды ұстады.
ҰҚК Қызылорда облысында заңсыз көші-қонды тоқтатты
"Алдын ала деректер бойынша олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.