АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ресей Украинамен де, Еуропамен де, жалпы бейбітшілікке дайын барлық тараппен келіссөз жүргізуге дайын. Бірақ келіссөздер нәтижесі Мәскеу талаптарына сай болса ғана қақтығыс тоқтатылады, деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Анкарадағы келіссөздердің қорытындысы бойынша. Бұл туралы Sputnik Ближнее Зарубежье хабарлады.
Сонымен қатар, ресейлік сыртқы істер министрі мынандай мәлімдемелер жасады:
Украина бойынша келіссөздерде Киевтің НАТО-ға кірмейтіні туралы түбегейлі келісім болуы керек.
Көптеген елдің Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты ұстанымдарында "реализм" пайда болды. Мәскеу барлық салада Вашингтонмен байланысын жалғастырады.
Осы аптада Ресей мен АҚШ арасында екі елдегі елшіліктердің жұмысын қалыпқа келтіру мәселесі бойынша толыққанды консультациялар өтеді.
2022 жылдың сәуір айындағы Ыстамбұл келісімдерінің жобасы Украинадағы қақтығысты реттеуге негіз болуы мүмкін.