Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина бойынша келіссөздерге ашық – Песков

Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Ресей Украина бойынша ықтимал бейбіт келіссөздерге ашық. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлады Риа Новости.
"Россия 1" телеарнасындағы "Кремль Путин" бағдарламасының авторы Павел Зарубинге берген сұхбатында Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ президенттерінің Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу үдерісіне кірісуінің маңыздылығын атап өтті.
"Біз ашықтығымызды сақтаймыз", - деді Песков.
Айта кетері, Эр-Риядта Ресей мен АҚШ келіссөзінің алғашқы сессиясы өткен болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Эр-Риядта Ресей мен АҚШ келіссөзінің алғашқы сессиясы аяқталды