Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Арнайы әскери операция жалғыз ғана дұрыс шешім болды – Медведев

Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Уақыт Ресейдің Украинада арнайы әскери операцияны бастау туралы шешімі жалғыз ғана дұрыс шешім болғанын көрсетті. Бұл туралы Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Риа Новости.
Ол дүйсенбі 24 ақпанда арнайы әскери операция басталғанына үш жыл болатынын еске салды.
"Уақыт бұл күрделі шешімнің жалғыз дұрыс шешім болғанын көрсетті", - деп жазды Медведев.