Жазушы Дулат Исабеков өмірден озды

Биыл жазушы 83 жасқа толар еді
Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Жазушы, драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Бұл туралы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов әлеуметтік желіде жазды.

"Қайран, Дулат ағам - ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? ...Иә, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ақын.

Дулат Исабеков 1942 жылдың 20 желтоқсанында қазіргі Түркістан облысы Сайрам ауданында туған еді. Биыл жазушы 83 жасқа толар еді.
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды