Қазақстан велотрекшілері Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Чемпионатта Оңтүстік Корея бірінші, Жапония екінші орын алды
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
Азия чемпионатындағы велоспорттан Қазақстан құрамасының құрамында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Әлішер Жұмахан және Дмитрий Носков бар.
Команданың нәтижесі – 3:59.215. Бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.
Чемпионатта Оңтүстік Корея бірінші, Жапония екінші орын алды.
Азиада-2025: қазақстандық хоккейшілер күміс жүлдені жеңіп алды